«Абай мұрасы- қазақтың қасиетті қазынасы» тақырыбы аясында шығармашылық байқауы

0
728

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ – барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін…

Ойымды ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, фиолософ Абай Құнанбайұлының шығармашылықтарын насихаттау мақсатында  Медицина колледжі, Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы мен  Кітапханалық-ақпараттық орталығының №2 оқу залы бірлесе отырып  13.04.2021 жылы колледж студенттері арасында «Абай мұрасы- қазақтың қасиетті қазынасы» тақырыбы аясында онлайн/офлайн  форматта    шығармашылық байқау  өткізілді. 

Абай атамыз  әрбір өлең жолдарын, әр шығармасын жастарға мұра етіп, олардан үлкен үміт күтіп, үлгі көрсетіп жазғандығы көрінеді. Ақынның жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді. Ұлы дананың қай шығармасын алып қарасақ та, оның астарында сарқылмас қазына, үлкен тәлім – тәрбие жатыр.

Байқауға  қатысушы студенттер тақырып бойынша:  Ұлы ақынның  өмірі мен шығармашылығына презентация дайындау.  Абай Құнанбаевтың   шығармашылығына эссе немесе шығарма жазу.  Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу еді.

         Іс – шараға арнайы келген медицина колледжі  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Тайжанова, Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі А.Т. Сатаев қатысушыларға сәттілік тіледі.

         Сонымен бірге кітапханалық – ақпараттық орталығының кітапханашысы Е. А. Қуанышбекова «Абай мұрасы- халық ұлағаты» атты кітаптар көрмесімен таныстырды. Білім алушыларды Абай  атамыздың кітаптарын оқуға үгіт насихат жасады.

        
   Байқау қорытындысы бойынша әділ қазылар Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының тәрбие ісі жөніндегі аға тәлімгер Ф.А. Каспанова  және аға оқытушысы А.Т.Абдуллабекова байқау талаптарына сай І, ІІ, ІІІ  орын  иегерлерін анықтады.

Әділ қазылардың шешімімен 

Мәнерлеп оқу сайысы бойынша:

І орын  – Жумабеков Жәнібек   С-ЕІҚ-9.01-20 тобының студенті (24 қара сөзі)

ІІ орын – Рахманбердиева Изоза С- ЕІО -9.03-20 – тобының студенті (Абай Құнанбаевқа арнау өлеңі)

ІІІ орын  – Құлан Сара  С- ЕІҚ -11.01-20  (Білектей арқасында өрген бұрым – Аbride of the wrist)

Презентация бойынша:

І орын  – Хен  Анита

ІІ орын – Ильясова  Дана  ЕІҚ-9.02-20 тобының студенті

ІІІ орын  – Юнусалиева Наргиза  МІО-9.02.20 тобының студенті

Эссе немесе шығарма жазу байқауы бойынша:

І орын  – Ақылбек  Ғалия  С-ЕІҚ -9.01.20 тобының студенті (Абай Құнанбаев)

ІІ орын –Рахимжанова Мухлиса  С-МІО -9.02.20  тобының студенті

ІІІ орын  – Пемида Александра С-ЕІО-9.03-20   тобының студенті

Айқынбаева Аружан С-МІҚ-9.01-20 тобының студенті (Абай шығармаларының тәрбиелік мәні)

Байқаудың барлық қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here