Докторанттар мен магистранттар үшін Scopus   және   Web of Science мәліметтер базалары бойынша сабақ өткізілді

0
222

ОҚМА Кітапханалық-ақпараттық орталығында қараша айының 21 – 23 аралығында докторанттар мен магистранттар үшін Scopus   және   Web of Science мәліметтер базалары бойынша сабақ өткізілді. Сабақ  барысында Scopus және Web of Science базаларының ақпараттық және аналитикалық ресурстары және олардың ғылыми жұмыста тиімді пайдалану әдістері қарастырылды.

Сабақ барысында докторантура және магистратура секторының меңгерушісі  Мұхамедияров М.Н  онлайн форматта Scopus мәліметтер базасы мен осы базадағы ақпаратты қалай іздеуге болатынын таныстырды.

Сабақ барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын белсенді түрде қойып, оларға толық жауаптар алды.

Іс-шара соңында жергілікті желі маманы И.С. Спатаев қатысушыларға қажетті ақпаратты іздеу және мақала жарияланатын журналды таңдау мақсатында  Scopus және Web of Science сайттарына тіркелуде көмек көрсетті.