1 курс студенттеріне кітапханалық – библиографиялық сабақтар өткізілуде.

0
308

ОҚМА Кітапханалық – ақпараттық орталығы 2023 жылғы 2-19 қазан аралығында «Жалпы медицина», «Фармация», «Стоматология», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Педиатрия», «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттеріне кітапханалық – библиографиялық сабақтар өткізілуде.

Бұл сабақтың мақсаты – студенттерге көптеген ақпаратты еркін табуға үйрету, студенттердің ақпараттық сауаттылығын арттыру, қашықтан оқуға мүмкіндік беру.

Сабақ барысында ОҚМА-ның толық мәтінді деректер базаларында («РЖООАЭК», «Эпиграф», «Aknurpress», «Мультимедиялық оқулықтар», «КазҰУ электрондық кітапханасы», «ОҚМА электрондық кітапханасы», «Студенттің электрондық сөресі»  және т. б.) әрбір студентті жеке тіркеуден өткізіп, ізденіс жасалынуда.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here