Тәуелсіздік – еркін елдің ұраны! Жас ұрпағы – болашағы қыраны!

0
210

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан  тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 32 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. 1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз екі жылда орындап, әлем жұртының алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындата білді.

Осыған орай  2023жылдың 22 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының кітапханалық – ақпараттық орталығының ұйымдастырумен «Тәуелсіздік–еркін елдің ұраны! Жас ұрпағы-болашағы қыраны!» тақырыбында дөнгелекүстел өткізіліп«Тәуелсіздік қасиет тұнған ұлы ұғым»  кітаптар көрмесі қатысушыларға таныстырылды.  Іс-шараға Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының  жетекші маманы  Керімбекова Зина Қапанқызы,  кітапханалық – ақпараттық   орталығының кітапханашылары, медициналық колледждің емдеу ісі 9-03-23 тобы, стоматология 09-01-22 тобының   студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел Кітапхана – ақпараттық орталығының оқу залында өткізілді. Қатысушы студенттер, атап айтқанада Сапарәлі Назгүл Тәуелсіздікке арналған «Тәуелсіздік» өлең жолын тарту етті, Тайыр Дамира «Менің Қазақстаным» әнін гитарамен орындады, Мысқалбай Дариға «Әлемге сүйгіздім қазақтың жүрегін» поэзия оқыды, Мейірбек Дильназ «Желтоқсан оқиғасы» өлеңін оқыды, Әбдіхамит Оралхан «Желтоқсан алаңы» өлеңін оқыды. Кітапханалық – ақпарттық орталығының оқырманға қызмет көрсету секторының меңгерушісі Балымова Жадыра Қарабекқызы «Жер болса –  ел болады, ел болса – ер болады»  деген осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі кең дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүрген әр бір адам өз Отанын жанындай сүйіп, рухани байлыққа тола болып, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұту керек деді.

Студенттерге тақырып бойынша сауалнама сұрақ-жауап қойылды. Соңында кітапхана қызметкерлері белсене қатысқан студенттерді сыйлықтармен марапаттады және де іс-шараның өтуіне атсалысқан  студенттерге ризашылықтарын білдірді.