ОҚМА электрондық ресурстары

0
305

2023 жылдың 09-20 қаңтар аралығында Кітапханалық –ақпараттық орталықта профессор-оқытушылар құрамы үшін «ОҚМА электрондық ресурстары» тақырыбында практикалық сабақтар өтті. Сабақтар профессор-оқытушылар құрамын оқу және ғылыми процестерге қажетті кітапхананың ақпараттық ресурстарымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Сабақтарда кітапхана сайты, пайдалану құрылымы мен ережелері, электрондық каталогты және отандық, әлемдік толық мәтінді дерекқорды пайдалану тәсілдері және олардың мүмкіндіктері туралы пайдалы ақпарат берілді.