Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына байланысты «Тәуелсіздік – тұғырым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

0
487

Биыл тәуелсіздіктің тұғыры бекіп, елдігіміз нығайып, егемендігіміз еңселене түскен мерейлі мерекеміздің 30 жылдығын тойлап жатырмыз. Бұл уақыт тарих парағы үшін қас-қағым сәт саналғанымен, біз үшін үміт пен сенімнің, береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың алтын белесі болып қала бермек. Қазақстанның 30 жылдық тәуелсіздік жолы тарихи тұрғыдан қарағанда аз ғана уақыт межесі болар, ал біздің мемлекет үшін тәжірибе мен сынақтың, тәуекел мен бірліктің, ерлік пен елдіктің дәуірі болыпқ ала бермек. Алдағы уақытта кез келген сын-қатерге дайын болу үшін тынымсыз ізденіс пен рухани даму үстінде ұлтымыздың жаңа болмысын қалыптастырып, ұдайы алға қарай ұмтыла береміз.

Осыған орай бүгін 2021 жылдың 08 желтоқса нкүні, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Кітапханалық- ақпараттық орталығы, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы және  Фармакогнозия кафедрасымен бірлесе отырып, №2 оқузалында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына байланысты «Тәуелсіздік – тұғырым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелді «Жалпы білім беретін пәндер»  кафедрасының меңгерушісі Сатаев Амангелді Тойболович ашып,  жастарға  30 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елінің қалыптасқанын, нарықтың қиын өткелдерінен өткенін, осы кезеңде Қазақстан әлемдегі мықты мемлекеттер қатарына қосылғанын, ата- бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған  ел тәуелсіздігі Қазақстан халқының нағыз рухани жаңғыруына мүмкіндіктер ашқанын айтып өтті.

Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі  Ахметов Нұрлан Рашидұлы сөз кезегінде  «Жер болса –  ел болады, ел болса – ер болады»  деген осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі кең дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүрген әр бір адам өз Отанын жанындай сүйіп, рухани байлыққа тола болып, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұту керек деді.

Фармация факультетінің  ФК-504 Б тобының студенті Жандарбек Байболат тақырыпқа байланысты баяндама жасады.

Кітапханалық- ақпарттық орталығының оқырманға қызмет көрсету секторының меңгерушісі Балымова Жадыра Қарабекқызы бабаларымыз аңсаған еркіндіктің қадірін білу және келешек ұрпаққа аманаттау және жеткізу жастар сіздердің қолдарыңызда деп айтып, келген қонақтарға, іс-шараның өтуіне атсалысқан  кафедра оқытушыларына,  ФК- 504 Б тобының студенттеріне ризашылығын білдірді. 

Кітапханалық- ақпарттық орталығының кітапхана қызметкері Серікбаева Гүлжан   «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесімен таныстырды.