«Шетел электронды қорларын және мәліметтер базасын тәжірибеде қолдану»

0
1634

8.11-10.11.2016 ж.ОҚМФА кітапханалық – ақпараттық орталығында резиденттерді шетел ақпараттық қорларына қолжетімділік мүмкіндіктері бойынша ақпараттандыру деңгейін жоғарылату мақсатында «Шетел электронды қорларын және мәліметтер базасын тәжірибеде қолдану» атты семинар өтті.  Семинар мақсаты: тыңдаушыларды әлем медицинасының жетістіктерімен таныстыру, шетел және отандық нұсқаулықтарында өзгерістерді өзіндік табуға үйрету, электронды қорларда сапалы  мақалаларды іздеу және талдауды жүзеге асыру, ақпараттық қорлар көмегімен қиын тәжірибелік мәселелерді шешу. Тәжірибелік сабақтар интербелсенді жағдайда өтті, әр қатысушы www.webofknowledge.com;  www.springerlink.com сайтында авторизацияланды. Семинарда ОҚО бойынша РҰТК филиалының өкілдері қатысты: кітапхана директоры Ильченко Т.Ю., бас кітапханашы Досымбетова А.А.