Дінім, ділім – өмірімнің тұтқасы

0
2012

2017жылдың 30 қарашада жастар саясат бөлімі,   әлеуметтік –гуманитарлық пәндер кафедрасы және кітапханалық-ақпараттық орталығының  ұйымдастырумен жастардың діни сауаттылықтарын ашу,терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары мақсатында «Дінім, ділім – өмірімнің тұтқасы» тақырыбында дөнгелек үстел өткізіліпкітапханалық-ақпараттық орталығының тарапынан «Дінім, ділім – өмірімнің тұтқасы»атты тақырыпта кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.Кездесуге дөңгелек үстелге Дін істер басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы Дін танушы маманыД.А.Баққараев,облыс жастар орталығының Дін танушы маманы Н.Ш. Төлегенов,Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к.профессор міндетін атқарушы Қ.Б.Кемелбеков және осы кафедраның доцент міндетін атқарушы п.ғ.к.Л.С.Майлыбаева  және Фармация»мамандығы студенттері  қатысты. Тақырып аясында студенттер,оқытушылар және қонақтар баяндама жасалып көрініс-қойылымы көрсетілді.  Дөңгелек үстел , көрме кітапхананың №1 залында өткізілді.Шара барысында оқырмандар дін өкілдеріне  студенттер тарапынан сұрақ жауап қойып, дін,әдет ғұрып,діни экстремизм тақырыбына біраз мәліметтер алды. Қатысушы студенттер атап айтқанда Қ.Игембердиев,А.Сейтқазы,С.Төленова ат салысып поэзия айтты. .Соңында   кітапхана қызметкерлері белсене қатысқан студенттерге алғыс хат және сыйлықтармен марапаттады.