«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

0
1957
.

Ағымдағы жылдың 7-8 маусым аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының кітапханалық – ақпараттық орталығының № 1 оқу залында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша оқытушылар мен студенттердің қатысуымен презентация өтті. Отырыста аударылған 100 кітаптың алғашқы 18 кітабы талқыға түсті. Шара барысында қазақ тіліне басылып шыққан 18 жаңа кітаптың слайд түріндегі таныстырылымы өтіп, оқытушылар студенттерге оқулықтардың авторлары мен негізгі мазмұны жайлы әңгімелеп берді. Презентацияның соңында оқытушылар жоба бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Фармакалогия, фармакотерапия және клиникалық фармакалогия кафедрасының профессоры Н.Ж. Орманов «Осы бағдарламаны әлемдік деңгейдегі ғылымның, білімнің озық жетістіктерін меңгеру үшін осындай әлемдік деңгейдегі саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың еңбегін оқыту өте маңызды және салыстырмалы талдау,  студенттеріміз сыни тұрғыда ойлау үшін оларға өте қолайлы» деп өз пікірімен бөлісті. Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының доценті м.а. Г.Серікбаева  «Ғылым тілі күрделі, оны қабылдау да кішкене кез-келген адамның дайындығын қажет етеді. Сол себепті кітаптың тілі барынша жеңілдетіліп, ғылыми нысандарды қалдыра отырып, қазақ тілінің қолжетімді сөздерімен қамтылған» деп айта кетті. «Осы бағытта арнайы құрылған Ұлттық аударма бюросының жасаған үлкен еңбегіне қоғам, әсіресе сол оқулықтарды болашақта пайдаланатын оқытушылар құрамы мен студенттер тиісті бағаларын беріп, алғашқы күннен-ақ оқулықтарға деген сұраныстың жоғары екенін байқатып отыр. Оқулықтар гуманитарлы бағыттағы, соның ішінде философия, әлеуметтану, психология, дінтану, антропология, экономика, медиа және т.б. салалар бойынша әлемдегі озық университеттердің түлектері сусындаған, белгілі ғалымдардың еңбектерінен аударылған» – дейді әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті к.с.н М.А.Ертаев.  Фармакогнозия кафедрасының профессоры м.а. Ж.С. Тоқсанбаева бұл кітаптардың  айырмашылығы толықтырылған әрі тілі жеңіл болып табылатынын, сонымен қатар, структура құрылымы еркін, тіл стилі мен аударылымы сауатты жазылғандығы туралы айта өтті.