Ұлыстың ұлы күні– Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!

0
2227

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан бұл мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Құрметті оқырмандар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Әз-наурыз жаңа жеңістер, сәттілік, бақ-береке, алып келсін. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті– Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлікпен қуаныш, құт-береке, бақытпен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!