Кітапханашылар күні аталып өтті

0
656

Қазақстан Үкіметі 2022 жылғы 18 қазандағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне толықтыру енгізілді. Енді Кітапханашылар күні – 24 қазан күні тұрақты түрде тойланатын болмақ.

Мерекеге орай, 2022 жылдың 26 қазан күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының кіші мәжіліс залында, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастырумен кітапханашыларды марапаттау рәсімі өтті. Жиынға академия ректоры Рысбеков М.М., қаржы және шаруашылық қызметі жөніндегі проректор Сейтжанова Ж. С., оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Анартаева М.Ұ., ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасының басшысы Жақсылық А.А. қатысты.

– Кітапхана – мәдени-ағартушылық ғимарат. Кітапхананың жұмысы студенттердің жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастыру, еңбек нарығында білікті мамандар мен ғылыми кадрларды даярлауға көмектесу мәселелерін шешу үшін жұмыс жасайды. Жоғары білім беруді пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру – оқу және ғылыми қызметпен айналысатын оқытушылар мен қызметкерлерге білімін арттыруға септігін тигізетін орын. Кітапхана қызметкерлері барлық жұртшылық үшін рухани жаңалық алаңы, жаңа леп, жайсан көзқарас жаршысы. Адамзаттың бүкіл дамуы барысында қалыптасқан ақыл-ой, рухани жетістіктерін жүйелі түрде жинақтап, сақтау, оны халық игілігіне жаратуда кітапхана қызметкерлерінің үлесі зор! Барша әріптестерімізді кітапханашылар күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз! –деп ізгі тілегін білдірді ОҚМА ректоры Рысбеков М.М.

Кітапханалық – ақпараттық орталығының барлық қызметкерлері  ректордың Алғыс хаттарымен марапатталды.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here