Шымкент қаласы білім басқармасының «№45 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы медицина колледжінің «Акушерия және гинекология» кафедрасы мен Ктапханалық-ақпараттық орталығы бірлесе отырып, кәмелетке толмаған қыз балалардың арасында жыныстық тиіспеушілік және ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша 2021 жылы 19 қаңтарда мектеп жас-өспірімдерімен кездесу өтті. Кездесуге 9-шы сыныптардың қыз балалары қатысты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.К.Утебаева бүгінгі кездесудің мақсатымен таныстырып, жиынды ашты. Осы орайда, арнайы шақыртылған мамандар: дәрігер акушер-гинеколог, кафедра оқытушысы Ілес Манат Қайратқызы кәмелетке толмаған қыз балалардың арасында жыныстық тиіспеушілік және ерте жүктіліктің алдын алу, ерте жүктіліктің қауіп-қатері мен салдары, жасөспірім қыздар арасындағы жыныстық сауаттылық тақырыптарында сөз қозғап, жасөспірім қыз балаларға өте маңызды да пайдалы ақпараттармен бөлісті. Сонымен бірге кітапханалық — ақпараттық орталығының кітапханашысы Қуанышбекова Е.А. «Жасөспірім қыздар арасындағы жыныстық сауаттылық» тақырыбына кітап көрмесін оқушылардың назарына ұсынып, таныстырды.