Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі

0
1109

Шымкент қаласы білім басқармасының «№45 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы медицина колледжінің «Акушерия және гинекология» кафедрасы мен Ктапханалық-ақпараттық орталығы бірлесе отырып, кәмелетке толмаған қыз балалардың арасында жыныстық тиіспеушілік және ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша 2021 жылы 19 қаңтарда мектеп жас-өспірімдерімен кездесу өтті. Кездесуге 9-шы сыныптардың қыз балалары қатысты.  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.К.Утебаева бүгінгі кездесудің мақсатымен таныстырып, жиынды ашты.  Осы орайда, арнайы шақыртылған мамандар:  дәрігер акушер-гинеколог, кафедра оқытушысы Ілес Манат Қайратқызы кәмелетке толмаған қыз балалардың арасында жыныстық тиіспеушілік және ерте жүктіліктің алдын алу, ерте жүктіліктің қауіп-қатері мен салдары,   жасөспірім қыздар арасындағы жыныстық сауаттылық тақырыптарында сөз қозғап, жасөспірім қыз балаларға өте маңызды да пайдалы ақпараттармен бөлісті.  Сонымен бірге кітапханалық — ақпараттық орталығының кітапханашысы Қуанышбекова Е.А. «Жасөспірім қыздар арасындағы жыныстық сауаттылық» тақырыбына кітап көрмесін оқушылардың назарына ұсынып, таныстырды.