Құрметті оқытушылар және студенттер!

0
365

2023 жылғы 14 сәуірден 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін “Ұлттық жазылым” жобасы аясында Wiley  баспасының ғылыми зерттеулер үшін ақпараттық ресурстары қолжетімді екенін назарларыңызға жеткіземіз.  https://onlinelibrary.wiley.com/

Сондай-ақ қосымша Cocrane Library https://www.cochranelibrary.com/ дәлелді медицина базасына қолжетімділік берілді.

Қолжетімді ресурстар (ағылшын тілінде) — журнал мақалалары. 1997 жылдан бастап мұрағат.

Wiley  халықаралық баспасы-ең ірі академиялық баспалардың бірі. 1807 жылы негізі қаланған JohnWiley&Sons (толықатауы) қазіргі ғылым мен білімнің барлық салаларында толық мәтінді ғылыми ресурстарды жариялайтын әлемдегі ең көне және құрметті баспалардың бірі болып қала береді.

Қол жеткізу академия желісінде және қашықтан, пайдаланушылар санына шектеусіз және мақалалардың толық мәтіндерін шектеусіз қарау жүзеге асырылады. Логин мен парольді алу үшін library_ukma@mail.ru  электрондық поштасына жазыңыз.