25-қазан Қазақстан Республикасы күніне орай «Менің Отаным Қазақстан» атты тарихи –танымдық ақпараттық сағат өткізілді

0
17

2024 жылдың 22 қазан күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы кітапханалық – ақпараттық орталығының конференция залында Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты № 14  кітапхана  бөлімшесімен бірлесе отырып, 25-қазан Қазақстан Республикасы күніне орай «Менің Отаным Қазақстан» атты тарихи –танымдық ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шарада  №14   кітапхана  бөлімшесінің  меңгерушісі  Апашева  Рахия  Әшімқызы  сөз сөйлеп, студенттерге егемендік  жолындағы  төккен  тер мен биік  белестеріміз  жайлы  атап өтті. «Қазақстан  Республикам  менің»  атты  бейне ролик оқырман  назарына  ұсынылды. «Қазақстан  күннен күнге»  тақырыбында №14  кітапхана  бөлімшесінің қызметкері  Сапарбекова Г. баяндама  оқыды.  Медицина факультетінің ұстазы Қаратаева М. М. Тәуелсіз еліміздің  жастарға  берер мүмкіндіктері жайлы  сөз  сөйледі. Студенттер  арасында  Қадыркұл Ж.,  және Сейдахан Г.,  Отан  туралы өлең  оқып , көрермендер  көзайымына  айналды. «Менің Отаным  Қазақстан» тақырыбында  кітап  көрмесіне  библиографиялық бөлімінің кітапханашысы Атамбекова Қ.  шолу жасады. Іс- шара  соңында студенттер  кештен  алған  әсерлерімен  бөлісті.