Тіл – ұлттық құндылық

0
210

2023 жылдың 02-06  қазан аралығында медицина колледжінің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының қазақ тілі, латын тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінің оқытушылары «Тіл – кемел болашақ тұғыры» апталығын өткізді. Осыған байланысты «Тіл – ұлттық құндылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне 40-қа жуық кітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінен материалдар қойылды.

Көрменің мақсаты: Оқырмандарды кітапхана қорындағы және оқу залындағы тілге арналған  кітап және мерзімді басылымдармен таныстыру. Сонымен бірге ана тілге деген құрмет пен  сүйіспеншілік, мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін біліп, тіл тазалығын сақтай отырып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, ұлттар арасындағы  ынтымақты нығайту.