24 қазан – Кітапханашылар күні

0
413

Қазақстан Үкіметі 2022 жылғы 18 қазандағы қаулысымен «Кітапханашылар күні» жаңа кәсіби мерекесін бекітті. Бұл мереке 24 қазан күні атап өтіледі.

Кітапханашы күні – қызметкерлердің ғана мерекесі емес, ол оқырмандардың да мерекесі.Кітапханашылар бірнеше жылдар бойы – кітаптарды қамқорлыққа алады. Кітапсыз біз оқып, әлемді және өзімізді танып, дамып, ғылым мен мен өнердің жаңа шыңдарына қол жеткізе алмаушы едік.

Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар.

Құрметті кітапханашылар!

Сіздерді кітапханашылар күнімен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!

Ізгі тілекпен, ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы, фармация ісін ұйымдастыру жәнебасқару, қалыпты анатомия, фармацевттік өндіріс технологиясы кафедралары.