Медициналық колледждің 1 курс білім алушыларына арналған кітапханалық-библиографиялық сабақтар

0
35

2025 жылдың 10-18 қараша аралығында кітапханалық-ақпараттық орталықтың оқу залында медициналық колледждің Мейіргер ісі, Стоматология, Ортопедиялық стоматология, Емдеуісі, Акушерлікіс, Фармация және Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттерімен кітапханалық – библиографиялық сабақтар өтілуде.

«Ақпараттық – библиографиялық мәдениеттің негіздері» сабағының мақсаты;

  • Коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру: оқу барысында туындайтын қажеттіліктерге сәйкес ақпаратты өзбетінше іздеу тәсілдерін игеру; өзінің ақпараттық сұраныстарын дұрыс тұжырымдай білу; ақпаратты нәтижелі іздестіре білу;
  • Кітапхананың электрондық ресурстарымен жұмыс істей білу;
  • білім беру қызметінде ақпараттық технологияларды (ЭК, интернет ресурстары; толық мәтінді мәліметтер базасы және т. б. мысалында) пайдалану;
  • курстық және дипломдық жұмыстарды жазу үшін ақпараттық іздеу дағдыларын игеруге көмектесу.