Наурызнама

0
20

«Наурызнама» мерекелік онкүндігінің тұжырымдамасы аясында ағымдағы жылдың 18 наурызында Кітапханалық ақпараттық орталығында Ұлттық киімді ұлықтау (рәсімі) іс-шарасы өтті. Ұлттық киім күні дәстүрлі киім арқылы мәдени дәстүрлердің бірегейлігі мен алуан өзгешелігін көрсететін маңызды оқиға. Бұл күні адамдар өздерінің мәдениеті мен тарихына, ата-бабаларына құрмет көрсету және өз мұраларын басқалармен бөлісу үшін ұлттық киім киеді. Мереке мәдени әртүрлілікті сақтауға және насихаттауға ықпал етеді, ұлттық бірлікті нығайтады және мәдениетаралық алмасу мен өзара түсіністікке дәріптейді.