Кітапханалық-ақпараттық орталығында төменде көрсетілген EBSCO ресурстарына қол жетімділік ашық.
eBookMedicalCollection –медицина және денсаулық сақтау саласындағы электрондық кітаптардың жазылым жинағы. Жинақта 4200-ден астам электронды кітаптар бар. Жинақта 135-тен астам баспаның, соның ішінде HCPro, Lippincott Williams & Wilkins, McGraw-Hill Education, Oxford University Press, Springer Publishing Company, Inc., Thieme Medical Publishing Inc және т.б сияқты академиялық саладағы әлемдік баспалардың кітаптары ұсынылған.
Жинақ басылымдарының толық тізімі
MedlineUltimate–медицина, денсаулық сақтау және биомедициналық зерттеулер саласындағы EBSCO ғылыми басылымдарының жетекші толық мәтінді базасы. Ресурста 3147 толық мәтінді ғылыми журналдар, сондай-ақ басқа да басылымдар (конференциялар жинақтары, есептер, медициналық жаңалықтар басылымдары) бар.