«Досыңа кітап сыйла» челлендж

0
85

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні, бұл кітап оқуды сүйетін және ұнататындардың мерекесі. Әдетте бұл күні бір-бірімен кітап алмасады немесе бір-біріне сыйға тартады. Жаңа, қызықты, танымдық кітап оқу – кез келген адам үшін үлкен қуаныш және кітап әрқашанда ең керемет сыйлық болып қала береді. Осы мереке қарсаңында, 2025 жылдың 10 ақпан күні ОҚМА АҚ медицина колледжінің жалпы білім беретін пәндер кафедрасының  оқытушылары – Ж.С.Сарымсакова, А.А.Исабекова және кітапханалық-ақпараттық орталығының қызметкерлері  бірлесе отырып, білім алушылар арасында бір-біріне өздерінің оқыған кітаптарын насихаттап, «Досыңа кітап сыйла» атты челленджін өткізді. Бұл акцияның  басты мақсаты — кітаптың құдіретін арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, кітап оқуға шақыру, білім алушылардың кітап оқуы мен кітапты бір-біріне сыйлау дәстүрін қайта жандандыруға ықпал ету, кітапханаларға жақсы кітаптар тарату, технология заманында да кітап өз құндылығын жоғалтпайтын ерекше сыйлық болып қалатынын көрсету. Челлендж аясында қазақ халқының ұлы ақын жазушыларының кітаптары, даналық ой пікірлері талқыланып, кітаптың адам өміріндегі ролі, білім мен мәдениеттің қайнар көзі екендігі жөнінде сөз қозғады. Білім алушылар сүйікті шығармалары туралы айтып, оқыған кітаптары жайында өз әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне кітап сыйлады. Кітапханалық ақпараттық орталығының басшысы Дарбичева Раушан Искаковна мен  колледж оқу залының кітапханашысы Куанышбекова Еркежан Азимхановна сөз сөйлеп, барлықбілім алушаларға алғысын білдіріп, достар арасындағы сыйластықтың көрінісі ретінде кітап сыйлау үрдісін қалыптастыру керектігін айтып, әдеби шығармалар, өлеңдер жиынтығын сыйлады. Кітап жақсы дос, рухани азық. Сондықтан да бір-бірімізге сүйіспеншілікпен кітаптар сыйлайық!