Ақпарат күні

0
23

2024 жылдың 9 – 13 желтоқсан аралығында кітапханалық –ақпараттық орталығының оқу залында «Ақпарат күні» (жаңа кітаптар көрмесі) кешенді іс-шарасы өткізілді. Іс-шара ОҚМА профессор – оқытушылар құрамы мен студенттері үшін ұйымдастырылды. Оқырмандардың назарына қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 200-ден астам ғылыми, оқу және анықтамалық әдебиет пәндері бойынша кеңейтілген кітап көрмесі ұсынылды.ОҚМА ректоры Ж.Сейтжанова, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор М.У.Анартаева, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Е.К. Сәлім және іс сапармен келген ҚР Парламенті сенатының экс депутаты Мұрат Бахтиярұлы жаңа оқулықтар көрмесімен танысып шықты. Іс – шараға медбиофизика және ақпараттық технологиялар, акушерия және гинекология, педиатрия-2, шұғыл медицина және мейірбике ісі, отбасылық медицина, фтизиопульмонология және радиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, қазақстан тарихы және әлеуметтік – қоғамдық пәндер, ғылыми – гуманитарлық пәндер, патологиялық анатомия және сот медицинасы, фармация ісін ұйымдастыру және басқару, микробиология, аллергология және иммунология, дәрілер технологиясы және фармакогнозия, фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология, әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау ісін басқару, гигиена және эпидемиология,  тәжірибелік дағдылар орталығы, дене тәрбиесі орталығы  мен  медициналық колледж кафедраларының меңгерушілері мен қызметкерлері белсене қатысты.