Электрондық ресурстарды пайдалану

0
64

Ағымдағы жылдың 4-5 маусымында кітапханалық – ақпараттық орталығы профессор – оқытушылар құрамы мен білім алушыларға білім беру және ғылыми -зерттеу үдерісіне қажетті ақпараттық ресурстарын таныстыру мақсатында практикалық сабақтар өткізді. Магистранттар мен докторанттар кітапхананың құрылымы мен пайдалану ережелері, жұмыс уақыты, кітапхана қорын пайдалану кезіндегі өз құқықтары мен міндеттері туралы білді. Электрондық ресурстар залында кітапхананың веб-сайты, электрондық каталог пен академия жазылған деректер қорларына қол жеткізу мүмкіндіктерімен таныстырылды.  Осы күндері кітапханаға келген оқытушылар,  магистранттар мен докторанттар ғылыми және ғылыми – метрикалық деректер қорына тіркеліп, олармен жұмыс жасау бойынша кеңестер алды.