Кафедра күні

0
440

ОҚМА кітапханалық – ақпараттық орталығы 2023 жылдың 6-10 ақпан аралығында «Фармакогнозия» кафедра күнін өткізді. Кафедра оқытушылары мен студенттері кітапхана қорындағы кафедра пәндері бойынша оқу және ғылыми әдебиеттермен, сондай – ақ жаңа түсімдермен танысып, кітапхана сайтының ақпараттық мүмкіндіктері, пайдаланушылар үшін қолжетімді электрондық ресурстар туралы ақпаратты тыңдады. Электрондық каталогтармен және толық мәтінді дерекқорлармен жұмыс істеу бойынша кеңестер алды. Кафедра меңгерушісі кітапхана қызметкерлеріне кафедра оқытушылары мен студенттеріне қажетті пайдалы ақпарат үшін алғысын білдірді.