ОҚМА Кітапханалық – ақпараттық орталығында 26.10.2022 мен 09.11.2022ж аралығында отандық және шетелдік ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында «Электронды ресурстар және мәліметтер базсын тәжірбиеде қолдану» тақырыбына арналған 1-ші оқу жылының доктаранттары, резиденттері мен магистранттары үшін практикалық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың мақсаты: Ақпаратты іздеу негіздерін оқыту, білім беру процесінде заманауи электрондық ресурстарды қолдану. Тындаушыларға «ОҚМА Электронды кітапханасы», «РМЭБ», «Эпиграф», «Aknurpress», отандық ресурстармен және «SpringerLink», «Полпред»,«Thomson Reuters»,«Scopus»,«Science Direct» әлемдік ғылыми мәліметтер базаларымен жұмыс жасау барысы түсіндірілді.