Құрметті оқытушылар және білім алушылар!

0
756

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Кокран кітапханасының мәліметтер базасына қолжетімділік ашылды, олар медицинада және денсаулық сақтаудың басқа салаларында қабылданған шешімдерді қолдау үшін ақпарат пен дәлелдер ұсынады. Ресурс клиникалық сынақтар, Кокран шолулары, Кокран емес жүйелі шолулар, әдіснамалық зерттеулер, белгілі бір тақырып немесе ауру бойынша технологиялық және экономикалық бағалау туралы ақпаратты табуға мүмкіндік береді.
Кокран жүйелі шолуларының мәліметтер базасы (Cochran edata base of Systematic Reviews, CDSR) – әлемдегі денсаулық сақтау саласындағы жүйелі шолулардың жетекші жиынтығы. CDSR үшін 2018 Импакт-факторы 6,754 құрайды, бұл Journal Citation Reports® (JCR) «Медицина, Жалпы және ішкі»санатындағы 155 орынның 13-іне сәйкес келеді. CDSR құрамына Кокран жүйелі шолулары мен Кокран шолуларына арналған протоколдар, сонымен қатар редакторлар кіреді.
Бақыланатын сынақтардың Кокран Орталық тіркелімі (Cochrane Central Register of ControlledTrials, CENTRAL) – Кокран жүйелі шолуларын дайындау кезінде пайдаланылған бақыланатын зерттеулер туралы библиографиялық деректер базасы болып табылады.
Кокран клиникалық жауаптары (Cochrane Clinical Answers, CCA) – Кокран клиникалық жауаптары (CCA) практиктерге, медицина қызметкерлеріне, денсаулық сақтау мамандарына және пациенттерге оқуға оңай, сіңімді, клиникалық бағдарланған негіз береді.

https://www.cochranelibrary.com/cdsr/reviews

https://www.cochranelibrary.com/central/about-central

Деректер базасына қолжеткізу академияның барлық ғимараттарында ашық. Қашықтықтан жұмыс істеу үшін  медиатека залында логин мен пароль алуға немесе мына телефон бойынша хабарласуға болады:     87020820871

 

Инструкция