2021 жылдың 4-15 қазан аралығында кітапханалық – ақпараттық орталықта бірінші курс студенттеріне арналған кітапханалық-библиографиялық сабақтар (ББЗ) бойынша кешенді іс-шара өтуде. Сабақтың мақсаты – студенттерді ОҚМА кітапханасының ақпараттық ресурстарын тиімді пайдалану әдістемесіне үйрету, кітапхананың оқу залдарымен, оның құрылымымен, анықтамалық – іздеу аппаратымен, құжаттарды іздеу жүйесімен және электрондық каталог пен толық мәтінді деректер базасын, электрондық ресурстарды пайдалану ережелерімен, кітапхана сайтын пайдалану мүмкіндіктерімен таныстыру.
![](https://lib.ukma.kz/wp-content/uploads/2021/10/683-1024x683.jpg)
![](https://lib.ukma.kz/wp-content/uploads/2021/10/684-1024x633.jpg)