Оқырмандарға алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсетудің уақытша режимі

0
1243

Құрметті оқырмандар!

Қауіпсіз қызмет көрсетуді ұйымдастыру мақсатында ОҚМА кітапханасында «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» (Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығы) есепке алынады, оған сәйкес оқырмандарға қызмет көрсету алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады.

Сіз кітапхананың жұмыс уақытында өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен жазыла аласыз: кітапхана сайты арқылы http://lib.ukma.kz  «Алдын ала жазылу»  сервисін пайдаланып,  87052319877, 87020820871 телефондары немесе obs@lib.ukma электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

Сіз кітапханаға баратын күн мен уақытты таңдап, өзіңіз туралы ақпарат жазуыңыз керек (Тегі, байланыс телефоны).

Электрондық каталогта кітапхана қорында кітап бар-жоғын білуге болады.

Кітапханаға барған кезде санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек:

– маскалар мен қолғаптарды міндетті түрде кию,

– 1,5 – 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау,

– қолды дезинфекциялау үшін санитайзерді қолдану.

Біз сізге және сіздің қауіпсіздігіңізге қамқорлық жасаймыз!

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here