«Бір ел – бір кітап» 2020 жыл

0
1886

auezov

Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961ж.) – қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдағы қазақ халқы көркем әдебиетінің, шешендік өнерінің, ұлттық ойының үлгісі, суреткер-жазушы, драматург, ғалым, ұстаз, қоғам қайраткері.

Автор жиырмадан астам роман, көптеген әңгімелер, повестер мен пьесалар жазды. Оның шығармашылығының шыңы – 1942-1956 жылдары жарық көрген төрт томдық «Абай жолы» романы. Роман  төрт кітаптан тұрады. Роман-эпопеяда автор XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамын, рулар мен таптар күресін, қысымшылыққа қарсы наразылықты, бостандықты сүйетін қазақ халқының жанының кеңдігі мен сұлулығын, жақсылықты армандаған қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірін суреттейді. Автор гуманист және ойшыл Абайды жан-жақты қоғам қайраткері ретінде ашады. Қазақ халқының тарихында ақын сөзсіз моральдық билігі бар ұлттық күрескер ретінде, ескірген патриархалды-рулық дәстүрді өзгертуге тырысып, халқының жарқын болашағына сенетін, өзінің моральдық-этикалық көзқарастарының көптеген ізбасарларын өсірген тұлға ретінде есте қалады. Роман дәуір бейнесін көрсететін жарқын тілде жазылған.

«Абай жолы» роман-эпопеясы – ұлы шығарма, ол әлемдік әдебиеттің қазынасына еніп, дүниежүзі  халықтарының көптеген тілдеріне аударылды.

alimlan

Әнуар Әлімжанов (1930-1993 ж.) – Алматы облысы Сарқант ауданының Қарлығаш ауылында дүниеге келген. Қоғамдық және саяси қайраткер, атақты қазақ жазушысы, журналист. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Дж. Неру атындағы халықаралық сыйлықтың және «Лотостың» лауреаты.

Ә.Әлімжановтың қызметі қатардағы журналистен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысына дейін өсті. Оның романдары, повестері, әңгімелері, очерктері әртүрлі тақырыпта және әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. Жазушы өткенге де, бүгінге де тоқталады.                               

Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты еңбегі орта ғасырларды, Орта Азия мен Таяу Шығыс қалаларын көрсетеді. Кітап әл-Фарабидің өз үніндей мазмұнға ие. Арнайы бөлімінде ойшылдың «Бақытқа жету жолын көрсету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткердің афоризмдері», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаттар» секілді үзінділер келтірілген. Сонымен қатар, кітапта энциклопедист-ғалымның рухани келбетін ашатын, оның жұмысының қыр-сырын, әл-Фарабидің прогрессивті әлеуметтік-философиялық ойдың дамуындағы маңызы және оның әлемдік мәдениет тарихындағы орны туралы мақалалары келтірілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here