Сектор меңгерушісі
Ходжаахмедова Роза Убайдуллаевна
e mail: Roza_1068@mail.ru
Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету секторының қызметі оқырмандарды олардың кәсіби, оқу қызметтеріне қажетті жаңа ақпарат көздері туралы мәліметтермен үнемі қамтамасыз етуге бағытталған.
сектор қызметінің негізгі бағыттары:
- анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету;
- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. Пайдаланушыларды ақпаратты іздеудің заманауи әдістеріне үйрету;
- анықтамалық-библиографиялық аппаратты ұйымдастыру.
қызметтері:
- пайдаланушыларға анықтамалық-библографиялық және ақпараттық қызмет көрсетеді;
- мерзімді басылымдар мақалаларына сипаттама жазады.
- мақалалардың жүйелі және тақырыптық картотекасын дәстүрлі (карточкалы) және электрондық түрде жүргізеді. Кәртішкелерді индекстейді және картотекаларға құяды. Анықтама-библиографиялық басылымдар қорын құрайды.
- «Мақала», «ОҚМА қызметкерлерінің еңбектері» және «Диссертация авторефераттары» мәліметтер қорын жүргізіді.
- ауызша және жазбаша библиографиялық анықтамаларды орындайды, оларды тіркейді.
- ғылыми-зерттеу жұмыстарына, оқу-тәрбие үрдісіне көмек ретінде әдебиеттердің ғылыми-қосалқы көрсеткіштері мен ұсыныстық тізімдерін жасайды.
- кітапхананың анықтама библиографиялық аппаратын (АБА) қолдана отырып, құжаттарды, ақпараттарды іздеуге кеңес береді.
- пайдаланушылардың әртүрлі топтарымен кітапханалық-библиографиялық сабақтар өткізеді.
- ғылыми, дипломдық және курстық жұмыстарың библиографиясын жасауда әдістемелік кеңес береді.
- пайдаланушыларға жеке және топталып ақпарат береді.
- көпшілік-библиографиялық шаралар өткізеді.
- кітапханаға жаңа түскен әдебиеттер бюллетендерін құрастырады.
- жаңа түскен әдебиеттерді хабарлауда және қорды насихаттауда көпшілік ақпарат құралдарын пайдаланады.