Бүгінгі кітапхана

0
1886

Кітапханалық-ақпараттық орталық (кітапхана) – академияның оқу-тәрбиелік үрдісін және ғылыми зерттеулерін құжаттармен және ақпараттармен қамтамасыз ететін жетекші бөлімдердің бірі, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының қызметі үшін зияткерлік ортаны қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
             Кітапхананың негізгі мақсаттары:
– кітапхананың пайдаланушылардың барлық категорияларына өз және әлемдік ақпараттық
қорларына қолжетімдікті ұсыну арқылы жоғары деңгейлі қызмет көрсететін ақпараттық
орталық ретінде қалыптасуы, кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің репертуарын
кеңейту және сапасын көтеру;
– академияның бірыңғай кітапханалық кеңістігін ұйымдастыру мәселесін кешеңді шешу
және пайдаланушылардың барлық категорияларының ақпараттық қорларға қолжетім-
ділігіне бірдей мүмкіндік беру;
– құрамына академия оқытушыларының еңбектері, оқу және оқу-әдістемелік басылымдары, сонымен қатар кітапхана қорының өте құнды басылымдары енетін электронды  кітапхананы дамыту;
– пайдаланушыларда жергілікті және алыстағы ақпараттық қорларды пайдалану дағдысын
қалыптастыру.

Кітапхана қоры жан-жақты; оған оқу, ғылыми, әдеби, анықтамалық, электронды әдебиеттер кіреді. Жыл сайын 20 мыңнан аса басылымдар, соның ішінде 130 атаудан аса мерзімді басылымдар алынады.
ОҚМА  процессор-оқытушылар құрамы дайындаған басылымдардың электрондық кітапханасы қалыптасуда.

Кітапхана қазіргі даму кезеңінде пайдаланушыларға көрсететін ақпараттық қызметтердің тізімін кеңейтуде, кітапханалық технологиялық процестерді жетілдіруде, оқырмандарға қызмет көрсету сапасын жақсартуда. Электронды оқу залында кітапхананың барлық электронды қоры жинақталған, мұнда пайдаланушылар өзіндік және алыстағы электронды ақпараттық ресурстарды пайдалан алады.

Кітапхана пайдаланушыларға кітап қорының құрамын жан-жақты ашатын анықтамалық-библиографиялық аппаратын – дәстүрлі, электрондық каталогтар мен картотекаларды ұсынады.
Ақпараттық-библиографиялық жұмыстың барлық жүйесі кітапхана қорын толық және жан-жақты ашуға, оларды насихаттауға және оқырмандарға көмек көрсетуге бағытталған. Бұл жұмыстар әртүрлі: «Ақпарат күндері», «Кафедра күндері», ұсынылатын және ғылыми-қосымша әдебиеттер тізімін жасау, тақырыптық жазбаша және ауызша анықтамаларды орындау. Жаңа түскен басылымдар бюллетені жасалынып, кітапхана сайтында және академияның «Денсаулық» газетінде ақпараттандырылады.

Кітапхана Қазақстанның ЖОО кітапханалары қауымдастығының мүшесі болып табылады.