2017 жылдың 2-6 қазан аралығында Кітапханалық- ақпараттық орталығында «Ақпарат күні» өткізілді. Мұнда кітапханаға 2017 жылдың бірінші жартысында түскен 200-ден аса қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптар ұсынылды. Көрмедегі негізгі әдебиеттер (монография,оқулықтар, анықтамалықтар) медицина, фармация саласын қамтып отыр.