«Электрондық деректер базаларынан ақпарат іздеу»

0
8

Кітапханалық – ақпараттық орталығы, Педиатрия – 1 кафедрасының ассистентерімен 7 – курс интерндеріне «Педиатрия» пәні бойынша «Электрондық деректер базаларынан ақпарат іздеу» тақырыбында дәрістік және практикалық сабақтар өткізді. Сабақ барысында білім алушыларға оқу және ғылыми қызметте заманауи электрондық ресурстар мен деректер базаларын пайдалану мүмкіндіктері туралы толық әрі жан-жақты ақпарат ұсынылды.

7-курс интерндері электрондық деректер базаларында ғылыми ақпаратты іздеу және іріктеу қағидаларымен, сондай-ақ электрондық оқулықтармен, ғылыми журналдармен және мақалалармен жұмыс істеу ережелерімен танысты. Сабақ барысында ақпаратты тиімді іздеу дағдыларына, дереккөздердің сенімділігін талдауға және педиатрия саласындағы өзекті ғылыми жарияланымдарды пайдалануға ерекше назар аударылды.

Сабақтың практикалық бөлімінде білім алушылар қажетті ақпаратты өз бетінше іздеп, электрондық білім беру платформалары мен ғылыми ресурстармен жұмыс жасады. Бұл олардың ақпараттық сауаттылығы мен зерттеушілік дағдыларының дамуына ықпал етті. Алынған білім мен дағдылар интерндерге электрондық деректер базаларының мүмкіндіктері туралы толық түсінік беріп, алдағы сабақтарда, клиникалық талдауларды дайындау кезінде, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарында тиімді қолданылатын болады.