2025 жылдың 10-18 қараша аралығында кітапханалық-ақпараттық орталықтың оқу залында медициналық колледждің Мейіргер ісі, Стоматология, Ортопедиялық стоматология, Емдеуісі, Акушерлікіс, Фармация және Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттерімен кітапханалық – библиографиялық сабақтар өтілуде.
«Ақпараттық – библиографиялық мәдениеттің негіздері» сабағының мақсаты;
- Коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру: оқу барысында туындайтын қажеттіліктерге сәйкес ақпаратты өзбетінше іздеу тәсілдерін игеру; өзінің ақпараттық сұраныстарын дұрыс тұжырымдай білу; ақпаратты нәтижелі іздестіре білу;
- Кітапхананың электрондық ресурстарымен жұмыс істей білу;
- білім беру қызметінде ақпараттық технологияларды (ЭК, интернет ресурстары; толық мәтінді мәліметтер базасы және т. б. мысалында) пайдалану;
- курстық және дипломдық жұмыстарды жазу үшін ақпараттық іздеу дағдыларын игеруге көмектесу.






