Кафедра күні

0
10

2025 жылдың 4-6 қараша күндері кітапханалық – ақпараттық орталығының оқу залында

«Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасы күні ұйымдастырылып өткізілді. Кафедра бейіні бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, атластар бойынша кітап көрмесі қойылды.

Аталғаніс-шара академияның білім беру үдерісі мен ғылыми-зерттеу қызметін оқу және ғылыми әдебиеттермен толықтыру, ақпараттық-библиографиялық қамтамасызету, кафедра  қызметкерлерін кітапхананың мүмкіндіктері мен қызметтері туралы ақпараттандыру мәселелері бойынша кітапхана мен кафедралардың өзара іс-қимылын жақсартады. Бұл іс-шараның өзектілігі оқытушылар мен білім алушыларға заманауи кітапханалық инновациялық технологияларды жариялау, электрондық ресурстық жаңалықтар туралы ақпарат беру болып табылады. Осындай іс-шараларды ұйымдастыру ақпарат алмасу үшін және білім беру үдерісін ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету сапасын арттыру үшін маңызы зор.