1 курс студенттеріне кітапханалық – библиографиялық сабақтар өткізілуде.

0
26

2025 жылдың 29 қыркүйегі мен 10 қазан аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың оқу залында Медицина, Стоматология, Фармация, Педиатрия, ҚДС, МПІ және ФӨТ бакалавриат білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттерімен кітапханалық – библиографиялық сабақтар өтуде.

«Ақпараттық – библиографиялық мәдениеттің негіздері» сабағының мақсаты;

  • Коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру: оқу барысында туындайтын қажеттіліктерге сәйкес ақпаратты өз бетінше іздеу тәсілдерін игеру; өзінің ақпараттық сұраныстарын дұрыс тұжырымдай білу; ақпаратты нәтижелі іздестіре білу, оны оқу және ғылыми-зерттеу міндеттеріне сәйкес өңдеу және пайдалану; кітапхананың электрондық ресурстарымен жұмыс істей білу.
  • Білім беру қызметінде ақпараттық технологияларды (ЭК, интернет ресурстары, толық мәтінді мәліметтер базасы және т. б. мысалында) пайдалану;
  • Курстық, дипломдық және басқа да ғылыми жұмыстарды жазу үшін ақпараттық іздеу дағдыларын игеруге көмектесу