М. Дулатовтың 140 жылдығына арналған дөңгелек үстел

0
24

16.04.25 ж. күні ОҚМА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы кітапханалық-ақпараттық орталықпен бірлесе отырып, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ағартушы, ақын және қоғам қайраткері  М.Дулатовтың 140 жылдығына орай  дөңгелек үстел өткізді. Міржақып Дулатов – қазақ халқының тарихында ойып тұрып орын алатын ұлттың ардақтысы,қазақ көсемсөзінің іргетасын қалаушылардың бірі, Алаш үкіметінің құрылуына үлес қосқан ұлтжанды қайраткер. Дөңгелек үстелдің мақсаты- жастарға М.Дулатовтың шығармашылық мұрасын насихаттап, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ көпшілікті белгісіз құнды деректермен таныстыру.

Кітапханалық-ақпараттық орталығының қызметкері Шохибаева А.М. ақынның туған жері, білім алған мекемелері, сондай-ақ оның қазақ халқы үшін атқарған қоғамдық қызметі туралы тың ақпараттарды жеткізді.  Сонымен қатар, ісшара соңында «Қазақ рухын оятқан тұлға» тақырыбында көрмемен таныстырып, ақынның еңбектеріне шолу жасады.