Оқу процесін ақпаратпен қаматамасыз ету сапасын арттыру және кафедралардың профессорлар мен оқытушылар құрамын қолжетімді ақпараттық ресурстар мен қызметтер туралы ақпараттандыру мақсатында, 2025 жылдың 10-12 ақпан күндері кітапханалық-ақпараттық орталығы «Топографиялық анатомия және гистология» кафедрасы күні – кешенді ақпараттық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында оқытушылар оқу және ғылыми әдебиеттер көрмесімен танысуға мүмкіндік алды, онда кафедра бейіні бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 80-нен астам оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, атластар ұсынылды. Сонымен қатар оқытушылармен студенттер кітапхананың электрондық ресурстарымен танысты. Мұндай іс-шаралар кітапхана мен кафедра арасындағы өзара байланысты нығайтуға көмектеседі деп үміттенеміз!