2024 жылғы 9-11 желтоқсан аралығында кітапханалық – ақпараттық орталығының оқу залында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – қоғамдық пәндер» кафедрасының күні, ашық кітап көрмесі өтті. Онда кафедра бейіні бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі барлық оқу, оқу – әдістемелік, ғылыми басылымдар ұсынылды. Кафедраның оқытушылары мен студенттері кітапханадағы оқу және ғылыми әдебиеттермен, сондай-ақ жаңа кітаптармен танысып, кітапхана сайтының, пайдаланушыларға қолжетімді электрондық ресурстар туралы ақпарат ұсынылды.