Кітап оқиық, достар

0
92

Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаев: Кітап оқымай жаңа болмыс түзеу, рухани кемелдену дегеніміз бос сөз. Ұлттық интеллектуалдық әлеуметін арттыру, бәсекелестік қабілетін күшейту, әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру ісінде кітап оқу өте маңызды екенін атап көрсетті.
Мақсаты – азаматтарды кітап оқуға ынталандыру, халық арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Себебі, «кітап оқу арқылы өзімізді, əлемді өзгерте аламыз».
Осы орайда,Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының кітапханалық-ақпараттық орталығы және жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен студенттердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап оқиық, достар» атты студенттер арасындағы өлең оқу челленджі болып өтті. Іс-шараға Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының маманы Чапай Нұршат Қазыбекұлы, кітапханалық – ақпараттық орталығының кітапханашылары және студенттер қатысты.
1 курс студенттері – Сұлтанова Қаракөз Абай Құнанбайұлының «Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа», Бақберді Нұрбақыт Мұқағали Мақатаевтың «Шыда»,Асхат Жанар «Үш бақытым», Бейсенбек Дінмұхаммед Абай Құнанбайұлының «Көзден басқа ойы жоқ» өлеңдері жатқа оқылды. Сонымен қатар, студенттер Разул Ғамзатов, Мұхтар Шаханов,Мағжан Жұмабаев шығармаларынан үзінділер оқыды.