Кітапханалық – библиографиялық сабақтар

0
142

2024 жылдың 30 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың оқузалында Медицина, Стоматология, Фармация, Педиатрия және ФӨТ бакалавриат білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттерімен кітапханалық-библиографиялық сабақтар өтуде.

«Ақпараттық-библиографиялық мәдениеттің негіздері» сабағының мақсаты;

  • Коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру: оқу барысында туындайтын қажеттіліктерге сәйкес ақпаратты өз бетінше іздеу тәсілдерін игеру; өзінің ақпараттық сұраныстарын дұрыс тұжырымдай білу; ақпаратты нәтижелі іздестіре білу, оны оқу және ғылыми-зерттеу міндеттеріне сәйкес өңдеу және пайдалану; кітапхананың электрондық ресурстарымен жұмыс істей білу.
  • Білім беру қызметінде ақпараттық технологияларды (ЭК, интернет ресурстары, толық мәтінді мәліметтер базасы және т. б. мысалында) пайдалану;
  • Курстық, дипломдық және басқа да ғылыми жұмыстарды жазу үшін ақпараттық іздеу дағдыларын игеруге көмектесу