Ақпараттық мәдениет негіздері

0
457

2022 жылғы 3-20 қазан аралығында кітапханалық – ақпараттық орталықта » Жалпы медицина», «Фармация», «Стоматология», «Фармацевтикалық өндірістехнологиясы», «Педиатрия», «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламаларының1 курс студенттеріне кітапханалық – библиографиялық сабақтар өтуде. Сабақтың тақырыбы: «Ақпараттық мәдениет негіздері». Бұл сабақтардың мақсаты– студенттердің ақпараттық-библиографиялық сауаттылығын арттыру, ақпараттық ағындармен, электрондық каталогтармен, электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алу. Студенттерге ақпарат іздеудің түрлі әдістері көрсетілді, кітапхананың электрондық каталогымен және кітапхана қорындағы барлық толық мәтінді деректер қорларымен («РЖООЭК», «Эпиграф», «Аknurpress», «Параграф Медицина» «Студенттің электрондық сөресі» және т.б.) жұмыс жасау барысы түсіріндіріліп, толық ақпарат берілді. Студенттер академияның кітапхана қорымен жұмыс істеу мүмкіндіктері, кітапхананың электрондық ресурстарын пайдалану туралы қызықты және пайдалы ақпарат алды.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here