Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «ЖОО кітапханаларын дамытудың заманауи әлемдік үрдістері» атты  Х-халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

0
863

2022 жылдың 5-6 мамыр аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «ЖОО кітапханаларын дамытудың заманауи әлемдік үрдістері» атты  Х-халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Халықаралық конференцияға шетелдің 8 елінен арнайы өкілдер мен еліміздің 8 облысынан кітапханашылар қатысты.

Маңызы бар шара ZOOM платформасы арқылы да онлайн режимде қосылды.
Аталған шараның ашылу салтанатында ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы, министрлік тарапынан осы салаға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, конференцияға сәттілік тіледі.

«Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін кітапханалық-ақпараттық қамтамасыз етуді жаңғыртудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

«Заманауи кітапхана: идеядан нәтижеге», «Халфа медресесіндегі кітапхананың арабо-графиялық қолжазбалары», «Өзбекстан Республикасының Жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттық-ресурстық орталықтардың даму тенденциялары», «Кітапхана және ақпарат ғылымындағы оқу әрекеттері арқылы қоғамдастықтың араласуы», «Қызметкерлердің білімін басқаруға бағытталған кітапхана қызметкерінің үздіксіздігі» т.б тақырыптарда сөз қозғалды.

Х-халықаралық ғылыми-практикалық конференция екі күнге жалғасты. Сессиялық отырыстарда «Ғылым мен білімді қолдауға арналған электрондық ресурстар», «Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар», «ЖОО кітапханаларын дамытудың заманауи әлемдік үрдістері» тақырыбында сарапшылардың пікірлері ортаға салынып, түрлі ұсыныстар айтылды.

Конференцияға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Кітапханалық-ақпараттық орталығының басшысы Дарбичева Р.И, сектор меңгерушісі Балымова Ж.К,  жергілікті желі бойынша жетекші маман Спатаев И. С. қатысты.