Кафедра күні

0
370

2022 жылдың 7  мен 10 ақпан аралығында ОҚМА кітапханасында «Жұқпалы аурулар және терівенерология» кафедрасы күніне арналған кешенді іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты кітапхананың кафедра профессор-оқытушылар  құрамымен өзара әрекеттесуі және кітапхананың ресурстары мен қызметтерін насихаттау. Осы іс-шара аясында кафедралардың оқу пәндері бойынша кітаптар, мерзімдік басылымдар көрмесі ұйымдастырылды.

Кафедра күні сияқты ақпараттық қамтамасыз ету нысанын тұрақты түрде өткізу, кітапхана қорын оңтайлы қалыптастыруға, аз пайдаланылған әдебиеттермен жұмысты жақсартуға, оқырмандардың кітапхана ресурстары мен қызметтеріне қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.