Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің демеушілігімен «Рухани Жаңғыру» Ұлттық бағдарламасын іске асыру аясында ауыл мен мектеп кітапханаларын қолдау мақсатында 2021 жылдың 16 тамыздан 20 қыркүйек аралығында «Ауылыма кітап» республикалық акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты – елді мекендерде тұратын өскелең ұрпақтың бойында оқу мәдениетін ілгерілету және ауыл мектептерінің кітапхана қорын кеңейту арқылы олардың жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларын қалыптастыру.
Осы акцияға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Кітапханалық-ақпараттық орталығы да өз үлесін қосты. Осы мақсатта Шымкент қаласының «Рухани жаңару» өңірлік жобалық кеңсесіне 50 дана қазақ және орыс тілдеріндегі танымдық, көркем әдебиеттер топтамасын табыстады.