«2021 жыл- Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялануына байланысты,жоспар бойыншаосы жылдың 8 сәуір күні ОҚМА колледж оқу залында «Қазақ және әлем әдебиеттерінің классиктері»тақырыбына кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге медицина колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. А. Тайжанова, Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі А.Т.Сатаев, кафедра оқытушылары,кітапханашы Е.А. Қуанышбекова және колледж студенттері қатысты. Көрменің мақсаты: – жастарымызды ерлік пен батырлыққа, патриотизмге шақыратын, рухты көтеретін, өмірге құштарлықты насихаттайтын кітаптардың оқылуына ықпал жасау.