«АСЫЛ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ – ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ»

0
1370

Медицина колледжі, Жалпы білім беретін пәндер кафедрасымен Кітапханалық- ақпараттық орталығының №2 оқу залы бірлесе отырып қазақ халық поэзиясының алыбы, жырау жыршы, Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ақпан айының 26 күні «Асыл сөздің патшасы – Жамбыл Жабаев» атты әдеби кеші өткізілді. Іс – шараға медицина колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. А. Тайжанова, Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі А.Т. Сатаев, кафедра оқытушылары және колледж студенттері қатысты. Аталған іс – шараның бас мақсаты: – Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Ақынның таңдамалы туындылары халыққа кең таралуының мәні және оның өмір шеңдігінің сыры неде екенін таныту, өлеңдерін мәнерлеп оқып оқырман назарына ұсыну.

Кіріспе сөз Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі Сатаев Амангелді Тойболұлына берілді. Жыр алыбы, ақын, суырыпсалма ақын, қазақ халқының ұлы перзенті Жамбыл Жабаевтың рухани мұралары әлемдік мәдениеттің алтын қорына енгенін атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар ақынның өмірбаянын, қазақ және орыс тілдеріндегі – Менің өмірім, Ленинградтық өренім, «Тарас», «Алатау», «Ұлына жауап», Мына тұрған Абайдың суреті ме?, және т.б. өлеңдерін жатқа оқып, ақынның өлеңдеріне жазылған әндерін шырқады. Ақынның өмірімен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді. Сонымен бірге кітапханалық – ақпараттық орталығының кітапханашысы Е. А. Қуанышбекова «Жыр алыбы- Жамбыл» атты кітаптар көрмесімен таныстырды.

Әдеби кештің соңында, Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының Тәрбие ісі жөніндегі оқытушысы Ф.А. Каспанова барлық қатысушыларға алғыс білдіріп мұндай іс-шаралар алдағы уақытта жиі-жиі өткізіліп тұратыны жайында айтып өтті.

Іс – шарада карантиндік талаптар, қашықтық және бет перде режимі қатаң сақталды.