«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»

0
1087

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы Медицина колледжінің оқу залындаЖалпы білім беретін пәндер кафедрасы мен Кітапханалық – ақпараттық орталығы бірлесе отырып, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты поэзия кешінофлайн және онлайн фарматта  өткізді. Кешке директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тайжанова М. А.,Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі Сатаев А.Т., оқытушы Исабекова А.А.,колледж студенттері қатысты. Поэзия кешін кафедрамеңгерушісі Сатаев А.Т.ашып,Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ, ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмағанын айтып, өз ойымен бөлісті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тайжанова М.А.Мұқағали Мақатаев өзінің аз өмірінде әдебиетімізде мол мұра қалдырған дарынды жан екенін, қысқаша  айтып өтті. Студенттер өз кезегімен ақынның өлеңдерін оқып шықты. Сонымен бірге кітапханалық – ақпараттық орталығының кітапханашысы Қуанышбекова Е. А. «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»  атты кітаптар көрмесімен таныстырды. Белсене қатысқан  студенттер алғыс хатпен марапатталды.