Кафедра күні

0
1357

2020 жылдың 11-13 қараша аралығында кітапханада «Акушерия және гинекология» кафедрасының күніне орай кешенді ақпараттық іс-шара өткізілуде . Іс-шараның мақсаты – білім беру және ғылыми үдерістерге көмек ретінде кітапханадағы ақпараттық ресурстар туралы оқытушыларды хабардар ету. Электронды каталог, мәліметтер базасы және электронды кітапхананың іздеу мүмкіндіктері көрсетілді. Оқытушылар кафедра бейіні бойынша жаңа әдебиеттермен танысты, пәндерді кітаппен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Қатысушылар ақпаратпен алмасу және кітапхана мен кафедралардың өзара қарым-қатынасын нығайту мақсатында осындай кездесулерді өткізу қажеттілігін атап өтті.