EBSCO: қашықтағы зерттеушілер үшін ғылыми деректер қорына тегін кіру туралы ақпарат

0
1893

Сіздермен әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ қашықтықтан оқыту мен жұмыстың мәжбүрлі қажеттілігін бөлісе отырып, EBSCO Information Services компаниясы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетімен бірлесіп, ҚР Ғылым Академиясының институттары мен барлық жоғары оқу орындары үшін толық мәтінді 17 ғылыми дерекқорларға тегін қолжетімділікті ашады.

Бұл тізімге мультидисциплинарлық және тар мамандандырылған деректер базалары, сондай-ақ электрондық кітаптар коллекциясы, жаңалықтар ленталары және т.б. кіреді.

Бір мезгілде пайдаланушылардың шектелмеген саны үшін тегін кіру мына сілтеме бойынша ұйымдастырылады: http://search.ebscohost.com/

Қашықтан кіру үшін логин мен құпия сөзді пайдалану қажет:

Login: monrk

Password: dostup2020!

Оқытушылар мен аспиранттарды, студеттер мен ғылыми кітапхана қызметкерлерін зерттеу процесіне тарту мақсатында Сіздің жоғары оқу орынының барлық құрылымдық бөлімшелеріне осы ақпараттық хабарламаларды жіберуді сұраймын.

EBSCO компаниясының журнал және кітап коллекцияларымен танысуға әлі мүмкіндігі жоқ ұйымдар үшін іздеу навигациясы және EBSCOhost іздеу платформасымен жұмыс істеу бойынша онлайн-семинарлар (вебинарлар) сериясы ұйымдастырылады. Вебинарлар мен шақыру кестесі жақын күндері жіберіледі.

Біздің ҚР БҒМ-мен бірлескен жобамыз шеңберінде EBSCO компаниясының мамандары Сіздің белсенділігіңізді талдайды және нәтижелері бойынша әрбір ұйым үшін жеке статистика қалыптастырылатын болады, оның мақсаты Қазақстан Республикасында толық мәтінді деректер базасын пайдалануды және ғалымдар мен зерттеушілердің тартылуын талдау болып табылады.

EBSCO толық мәтінді коллекцияларына толыққанды тегін қол жеткізу 15.06.2020 дейін ұсынылады.

Сіздерді ғылым, жаңалықтар мен зерттеулер әлеміне шақырамыз!

Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге қуаныштымыз. Құрметпен, Илья Петухов EBSCO Information Services, Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі Өңірлік даму жөніндегі директор

Mail: ipetukhov@ebsco.com

Mobile: + 79122477781

Skype: ilya.petukhov.ekb www.ebsco.com